Кеденнен жүкті заңсыз алып өтпек болған Өзбекстан азаматы ұсталды

231

Қазақстан-Өзбекстан шекарасында жылқылар мен ағаш өнімдерін заңсыз тасымалдамақ болғандардың жолы кесілді. Қапланбек кеден бекетінің қызметкерлері іздестіру итін пайдаланып, көрші елге бағыт алған «Вольво» жүк көлігін тексереді.

Нәтижесінде Өзбекстан азаматының осы автокөлікпен екі бас жылқыны заңсыз алып бара жатқаны анықталды. Жүргізуші малды Ресейден сатып алғанын айтты.

Ал екі күн бұрын «Сарыағаш стансасы» кеден бекетінде Өзбекстаннан келе жатқан жүк пойызында декларацияланбаған, кесілген ағаш тауарлары анықталған еді. Қазіргі таңда екі факты бойынша тексеру амалдары басталды.