Шымкентте шетелдік жұмыс күшін заңсыз пайдаланған 35 тұлға жауапқа тартылды

фото ШПД

Құқық бұзушыларды полицейлер «Құқықтық тәртіп» профилактикалық іс-шарасы барысында анықтады.Қала аумағында заңсыз еңбек көші-қонын болдырмау мақсатында рейдтік іс-шаралар жүргізілуде. Көші-қон полициясының қызметкерлері шетелдік жұмыс күшін пайдаланатын барлық құрылыс объектілерін, заңды тұлғалар мен кәсіпорындарды аралап, тексеруде.

Аталған жұмыстар барысында көші-қон қызметі басқармасымен Қазақстан Республикасының көші-қон саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін 264 шетел азаматы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Шетелдіктерді заңсыз тұрғынжаймен қамтамасыз еткен 117 азамат жауапқа тартылды. Сондай-ақ, жергілікті атқарушы органның рұқсатынсыз шетелдік жұмыс күшін тартқаны үшін 35 жұмыс берушіге әкімшілік айыппұл салынды.
54 шетелдік ел аумағынан аластатылды. Көрсетілген бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табады.