Мақтаарал ауданы, Берекелді ауылында Әл-Фараби атындағы 300 орынды жаңа мектеп ашылды. Білім ордасының ашылуына қатысқан аудан әкімі С. Тұрбеков берекелдіктерді білім ұясының ашылуымен және еліміздегі айтулы мерейлі мерекелермен шын жүректен құттықтады.
Аталған мектеп аудандағы төрт жыл ішінде салынған 39-шы білім нысаны. Берекелді елдімекенінде оқушылар бүгінге дейін ескі, апатты жағдайдағы мектепте білім алып келген. Берекелі, бірлігі жарасқан ауылда түрлі ұлт өкілдері тұратындықтан, мұнда 3 тілде дәріс беріледі.
Заманауи үлгіде салынған мектепте 462 оқушы білім алса, оларға 45 мұғалім сабақ береді. Барлық талаптарға сай жабдықталған білім нысанында спорт залы мен кітапхана бар. Онда оқушылар спорттың 10 түрімен айналысса, ал, кітапхананың кітап қоры — 9130. Оның 1825-і — көркем әдебиет, 7305 данасы — оқулықтар.
Мақтаарал ауданы әкімінің баспасөз қызметі