Ақ халатты абзал жан атына сай болмай шықты. Төле би ауданының прокуратурасына мүмкіндігі шектеулі жан арызданған. Айтуынша, Ленгер емханасының дәрігері дөрекілік танытыпты. Бұл фактіні құзырлы орган өкілдері де растап отыр.
Гүлнәр Бекмұратова жыл сайын тексеруден өтуі үшін емханадан жолдама алып жүрген. Алайда бұл жолғы жолдамасын алу қиынға соғыпты. Дәрігер дөрекілік танытып, жолдама беруден бас тартқан.
Араша сұрап, бас дәрігерге кірсе де көмек болмапты. Ашуға булыққан жан бірден денсаулық сақтау министрлігінің блогында шағымданады. Содан кейін ғана әлгі дәрігерлер жолдаманы үйіне дейін жеткізіп береді. Араға уақыт салып, ол қайта сол дәрігердің алдына барады. Сол кезде баяғы наразылық қайта басталады.
Онсыз да тағдыр тәлкегіне түскен жан ауыр сөздерді көтере алмай, прокуратураға шағымданады. Қадағалаушы орган қызметкерлері түскен шағым бойынша шұғыл тексеру жүргізеді. Нәтижесінде науқастың арыз-шағымы дәлелін табады.
[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=H13aUMs5VQc[/youtube]
Нәтижесінде Ленгер қалалық емханасының бас дәрігері мен оның орынбасарына ескерту, ал хирур дәрігерге сөгіс жарияланды. Айта өтейік, Төлеби аудандық проуратурасына жыл басынан бері 175 тұлғадан арыз-шағым түскен.
Тексеру барысында 9 лауазымды тұлға прокурорлардың ықпалымен түрлі тәртіптік жауапқа тарталған. Тағы 3 лауазымды тұлға әкімшілік жауапқа тартылды.
Ернар Балабеков