Оңтүстіктегі трактор зауыты шілдеде іске қосылады

301

Биыл Ордабасы ауданындағы Қазақ-түрік индустриялды аймағында «Kazkioti» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктігінің ауыл шаруашылығы техникасын құрастыратын зауыты іске қосылмақ. Шілде айында ашылатын зауыттың жобалық құны 40 млн АҚШ долларын құрайды.

Трактордың үш түрін құрастыратын бұл кәсіпорында 400-ге жуық адамды жұмыспен қамтылмақ. 2017 жылға қарай зауыттың өндірістік желісі ұлғайтылып, жылына 3,5 мың техника шығаруды жоспарлауда.

Индустриялды аймақта, сонымен қатар, алдағы уақытта медициналық шприц, құрыш құбырларын және жұмсақ және кеңсе жиһаздарын жасайтын, т.б. нарықта сұранысқа ие тауарлар өндіретін 17 инвестжоба іске асады. Жалпы аумағы 153 гектарды құрайтын аймақта құны 72 млрд теңгеге жуық қаржыны құрайтын өңірімізде бұрын-соңды болмаған инвестициялық бастамалар қолға алынып отыр.

Облысымызда индустрияландыру картасы аясында құны 1,2 трлн теңгені құрайтын 223 жоба іске асырылуда. Бұл – республикадағы ең жоғары көрсеткіштердің бірі. Жаңа бағдарлама 33 мың адамға жұмыс орнын ашып берді. Осы жобалардың 65 пайызы ауылдық жерлерде іске асуда. Бүгінге дейін облыста 11 мың жұмыс орнын қамтитын 137 жоба жүзеге асты.

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі