Шардараның оқушысы 8 жылға сотталды

233

Шардаралық 10 сынып оқушысы 8 жылға сотталды. Төбелес кезінде өзінен 1 жас үлкен оқушыны жүрек тұсынан пышақтап өлтірген жеткіншекке қатысты сот үкімі шықты. Ал қаза болған жектіншектің әкесі бұл жағдайға мектеп ұжымын кіналап отыр.

012

Бас-аяғы 5 айға созылған тергеу-тексеру шаралары осылай қорытылды. Жеткіншек 8 жыл өмірін жалпы режимдегі тузету колониясында өткізетін болады. Судья сотталушының жас ерекшелігі ескерілгендіктен, заң аясында жазасы жеңілдетілді дейді.

Еске сала кетсек, үстіміздегі жылдың қаңтар айында Шардарадағы Мұхтар Әуезов атындағы жалпы орта мектепте 9 бен 10-сынып оқушыларының төбелесі кезінде 10 сынып оқушысы мерт болған еді. Жүрек тұсынан пышақ жарақатын бала ауруханаға жетпей ажал құшқан болатын.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=aZ2p4nOk-os[/youtube]

Ал марқұм болған жеткіншектің әкесінің мектеп ұжымына өкіпесі қара қазандай. Айтуынша, осы оқиғаға байланысты өз қызметтерінен шеттетілген қос бірдей сынып жетекшісі қайтадан жұмыстарына жайғасты дейді.

Жәбірленушінің әкесі мектептегі тәртіп оңалмаса, жағдай ушыға беретінін алға тартады. Жеткіншектерді көзінен таса қылған тәрбиеші мен сынып жетекшілер жауапсыздығы үшін жауап беруі керек дейді.