Шымкент зообағындағы аң-құстардың қатары артып келеді. Мамырдың мамыражай күнінде хайуанаттар бағындағы жануарлардың бірқатары төлдеді. Ел аумағында сирек кездесетін, Қызыл кітапқа енген Пржевальский жылқысының қатары да артып отыр.

8114

Енесінің қасынан бір елі шықпайтын төлдің негізгі қорегі — ана сүті. Бұл Пржевальский жылқысы табиғатта сирек кездесетіндіктен, Қызыл кітапқа енгізілген. Қазір мұнда 2 құлын бар. Осымен Шымкент зообағындағы бұл жануардың саны жетіге жетіп отыр.

Кәмшат Баққон, қала тұрғыны:»Біз мұнда жиі келеміз. Әрбір аң мен құстардың көбейгенін көріп, қуанымыз. Бұл жолы да жануарлардың төлдерін көріп, отбасымызбен суретке түсіп қайтпақпыз. Олардың жаратылысына қарап, табиғаттың шеберлігіне тәнті болып жатырмыз».

8113

 

Шөлейт жерлерде төзімділік танытатын түйелер де осында. Боталарының саны көбейген. Зообақтағы жағымды жаңалық бұл ғана емес. Құлан тұқымдас аласа жылқылар да төлдеген. Дәнді дақылдар, шөптесін өсімдіктермен қоректенетін жануарлардың да саны екі құлынға артты. Олар әлі жасқа толмағандықтан, дұрыстап жем-шөбін жей алмайды екен.

— Әрине, аласа жылқыларға үлкен күтім қажет. Оларға шөптерін де майдалап турап береміз. Суларын да уақтылы жеткіземіз. қазіргі уақытта зообақтағы төлдерге ат қойып, қуанышқа кенелудеміз. Алдағы уақытты тағы да Қызыл кітапқа енген бағалы аң-құстарымыздың қатары артады деп күтілуде, — дейді зообақтың ғылыми бөлімінің меңгерушісі Гүлнәр Байжұмаешева.