«Южный Казахстан» газетіне — су жаңа автокөлік

332

«Южный Казахстан» облыстық саяси-қоғамық газеті 90 жылдық мерейтойын тойлады. Басылымның торқалы тойына келген көпшілік құттықтау лебіздерін білдіріп, сый-сыяпатын табыстады. Ал облыс әкімдігі редакцияға отандық су жаңа автокөліктің кілтін тапсырды. Әріптестері ғасырға жуық уақытты бастан өткерген басылым турасында естеліктер айтты.

Облысымызбен бірге дамуға қадам басқан газеттің жаңа айдарлары да жетерлік. Мәдени шараға қатысушылар мен оқырмандары ән айтып, би билеп, салтанатты кештің жоғары деңгейде өтуіне себепкер болды.

Марина Лимаренко, «Южный Казахстан» газетінің бас редакторы: «Ұжым мерелік шараны өткізу үшін ұзақ уақыт бас қатырған жоқ. Себебі мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы 2015 жылды Қазақстан халқы ассамблеясының жылы деп бекітті. Сондықтан біз этнофестиваль өткізуді жөн көрдік. Мерейтойға бүгін барша этнос өкілдері мен оқырмандарымыз қуана қатысып жатыр. Ал редакцияның ендігі мақсаты — көптің артқан сенімі арқылы жемісті жұмыстар атқару».