Жалған ақша жасаушылар ұсталды

378

Абай болыңыз, жалған ақша айналымда жүр! Экономикалық тергеу қызметіне жалған ақша жасап жүрген тұлғалар жайында мәлімет келіп түскен. Жедел іс-шара барысында екі жас жігіттің жалдамалы пәтерде жалған ақша шығарып келгендері анықталады.

008

Олардың пәтерінен компьютер, принтер, түсті бояулар тәркіленген. Дұрыс басылып шықпаған жалған ақшаларды олар үй ауласындағы қоқыс тастайтын жәшікке лақтыра беріпті. Айта кетерлігі, екі күдікті де бұған дейін сотты болған. Олар жалған номиналды банкноттарды көбіне базарлар мен шағын дүкендерге өткізіп келгендерін айтып отыр.