25 мамыр күні таңертең ерте 112 нөміріне суыт хабар түсті. Атамекен ауылының маңында ірі жол апаты орын алған. Мұнда Дэу Нексия жеңіл көлігі жүк көлігімен соғысыпты.
Кезекшіге қоңырау сағат 08:26-да түскен. Іле-шала облыстық төтенше жағдай департаментіне қарасты құтқару жасағының мамандары дабыл бойынша көтеріліп, оқиға орнына аттанады.
Анық болғаны — Нексия автокөлігінің ішінде жүргізуші мен 4 жолаушы болған. Көлік қақтығысының салдарынан жүргізуші мен бір жолаушы оқиға орнында тіл тартпай кеткен. Жарақат алған қалған адамдарды жедел жәрдеп дәрігерлері ауруханаға алып кетті.
Құтқару жасағының мамандары арнайы құралды қолдана отырып, қаза тапқан екі адамның мәйітін көліктің ішінен алып шыққан. Қазір қайғылы жағдайдың мән-жайын Шымкенттің полиция қызметкерлері тексеріп жатыр.