26 маусымда жолаушылар тасымалдауға қатысты тендер өтеді

262

Алдағы күндері Шымкенттегі жолаушылар тасымалымен айналысатын компаниялардың тағдыры шешілмек. 26 маусымда ашық мемлекеттік сатып алу конкурсы өткізіледі.

Сала мамандарының мәлімдеуінше, тендерге 11 бағыт бойынша бір лот қойылып отыр екен. Әзірге жолаушылар тасымалы қызметіне екі бәсекелес компания бар көрінеді.

Қала әкімдігіне қарасты жолаушылар көлігі бөлімінің мамандары байқаудың алдында зерделеу жұмыстарын өткізген. Талап бойынша тендерге қатысушы компания 147 автобусты бағытқа шығара алатынын дәлелдеуі тиіс.