Ауыр жол апаты құрбандарының саны 14-ке жетті

465

Шымкенттегі жантүршігерлік жол апатының салдарынан тағы бір адам көз жұмды. Ол — Мерседес шағын автобусының жүргізушісі.

Осылайша Алматы-Шымкент тасжолында орын алған жол апатынан қаза тапқандар саны 14 адамға жетті. Тағы жеті жолаушы ауруханада ем қабылдауда. Олардың үшеуі — жасөспірімдер. Дәрігерлер науқастардың жағдайын әлі ауыр дегенді айтады.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=bKAgo4Fu4U0[/youtube]

Қалалық жедел жәрдем ауруханасындағы ауыр халде жеткізілген науқастар енді естерін жинап жатыр. Олардың жағдайы қазір бір қалыпты дейді ақ халаттылар. Нұржамал Бұқай сол күнгі жол апатынан аман қалғанына шүкіршілік етеді. Алапат апат есіне түссе, бойын үрей билейді. Тараздан 5 жасар қызымен бері қарай беттеген олар шағын автобустың артқы орындығында отырып аман қалдық деп отыр.

001

Ауыр халде жан сақтау бөліміне түскен Мерседес Спринтер автокөлігінің жүргізушісі ауруханада көз жұмды. Қазір осы іске қатысты бірнеше сараптама тағайындалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Салтанат Қаракөзова, ОҚО ІІД мемлекеттік тіл және ақпарат басқармасының басшысы: «Белгісіз тұлғалардың кім екендері анықталды. Марқұмдардың арасындағы 8-і — Тараз қаласының тұрғындары. Екеуі — Шымкент қаласының тұрғындары. Олардың арасында Созақ, Ордабасы аудандарының тұрғындары бар. Өзбекстан елінің азаматы да бар.»

Алапат жол апатының салдарынан облыстық балалар ауруханасына 3 жасөспірім жеткізілген. Дәрігерлердің айтуынша, ауыр халде түскен бүлдіршіндердің бүгінде жағдайлары қанағаттандырарлық.

Болат Нұсқабаев, облыстық балалар ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары: «Ауруханаға түскен бойда толық көмек көрсетілді. Екеуіне ота жасалды. Біреуінің бауыры жарылып, екіншісінің ашық буының шынтақ бөлігі сынуына байланысты ота жасалды. Бүгінгі таңда үш баланың жағдайы ауыр, бірақ қалыпты.»

Қазір қайғылы жол апатына қатысты қылмыстық іс қозғалып, жан-жақты тергеу жүргізілуде.

Ернар Балабеков