Каналдарды тазалау қиынға соғып тұр

804

Шымкенттегі канал саны — 19. Бұған дейін шаһарда бар-жоғы 6 канал болатын. Қала аумағының ұлғаюына байланысты суаттардың саны да өскен. Сол себепті ирригация саласының мамандары арнайы кесте түзіп, әр апта сайын канал арнасын тазартуды қолға алған. Осылайша, шелектеп жауатын жауыннан келер қауіптің алдын алмақ.

008

Қошқар ата өзені мен Қарасу каналдарынан ағатын су деңгейін реттеу Кеңес Рыстанбековке жүктелген. «ЛТД Тұрмыс» мекемесінің маманы 15 жылдан бері осы іспен айналысады. Бүгінде Қошқар ата өзенінен секундына 4 текше метр су ақса, соның 1,5 текше метрі — Қарасуға тиісілі. Су деңгейін реттеу жылдың төрт мезгілінде де маңызды дейді маман. Көктем мен күзде судың тасуын, ал жазда тапшылығын болдырмайды.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=3ogq3RsT7Gg[/youtube]

Каналдардағы су деңгейін реттеу мен арнасын қордаланған қоқыстардан тазарту — ирригация саласы мамандарының міндеті. Алайда ұзындығы 5 шақырымнан астам өзеннің бар болғаны 2,5 шақырымын тазарту мүмкін болып отыр. Қалған аумағына техника түгілі адам аяғы жете алмайды.

007

Құрамында 20 жұмысшы мен екі техникасы бар бригада Қарасудан кейін Шымкент және Жаңашек каналдарын реттеуге кіріседі. Мұндағы жағдай тіптен мүшкіл. Канал бойының 50-60 пайызы қоршалып, құрылыс қаптап кеткен. Осылайша өзен жиегіндегі бей-берекетсіздік толассыз жауыннан келетін қауіптің алдын алуға кедергі келтіруде.

Нұрлан Жаңабай