Контрабандалық тауарларды тасымалдаушылар қолға түсті

452
"Рено" маркалы ауыр жүк көлігі

Кеденшілер Сарыағаш ауданындағы «Атамекен» кеден бекетінде контрабандалық тауарларды тасымалдаушылардың жолын кесті. «Рено» маркалы ауыр жүк көлігін тізгіндегендер өздері алып келе жатқан аяқ киім санын азайтып көрсетпек болыпты.

Әрі 50 мың жұп аяқ киімді құжатта өзбекстандық өнім деп толтырған. Кеденшілерден айласын асырмақ болғандардың «Adidas», «NIKE», «PUMA» сынды брендік тауарлары толығымен тәркіленіп алынды.

Облыстық мемлекеттік кірістер департаментінің кедендік бақылау басқармасының басшылығы енді кедендік төлемдерді төлеуден жалтарғандар заң алдында жауап береді деп отыр.

 "Рено" маркалы ауыр жүк көлігі



Сейітжан Ештаев, облыстық мемлекеттік кірістер департаментінің кедендік бақылау басқармасының басшысы:» Анықталған заң бұзушылық бұл ғана емес — 12 000 жұп аяқ киім түркиялық өнім болып шықты. Ал ұсталғандар алдын ала берген мәліметтерінде аяқ киімдер Өзбекстанда шығарылған деп көрсеткен. Қазір іс экономикалық тексеру қызметіне тапсырылды. Арнайы сараптамалар жүргізіліп жатыр. Алдағы уақытта әкімшілік немесе қылмыстық іс қозғалатын болады».