Аяқ киім ішіне есірткі жасырған…

44

Сарыағаш аудандық полиция бөліміне «Жібек жолы» шекара бақылау бекетінен шұғыл хабарлама келіп түсті. Онда «Флора» атты қызметтік ит Өзбекстан Республикасынан Қазақстан Республикасына өтіп бара жатқан шетелдік ер адамға белгі бергені хабарланған.

Полицейлер алған ақпарат бойынша күдік тудырған ер адамға тінту жүргізу кезінде шетелдіктің аяқ киімінің ішіне жасырып алған есірткіге ұқсас зат табылды. Сараптама қорытындысында оның «гашиш» есірткісі екені расталды.
Күдікті ер адам Өзбекстан елінің азаматы екені анықталды. Қазіргі таңда оған қатысты ҚР ҚК-нің 286-бабы «Айналыстан алып қойылған заттардың немесе айналысы шектелген заттардың контрабандасы» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.