Ұялы байланыс абоненттері үшін жағымды жаңалық. «Кселл» компаниясы өз клиенттеріне бірнеше тиімді тарифтер жоспарын ұсынады. Бұдан былай «Ксел» тұтынушылары тиімді тарифпен шет мемлекеттерге де қоңырау соға алады. Сондай-ақ байланыс компаниясы қызмет түрлері көбейгенін айтып отыр.
Наргиза Жұманова өзінің ұялы операторын ауыстыруға бел буды. Бұдан былай артық шығындалғысы келмейтын ол «Кселл» орталығына келді. Мұндағылар азаматшаны жылы қарсы алып, тіпті сый-сыяпат та жасады.
[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=4eFEX1PNayc[/youtube]
Наргиз Жұманова: «Нөмірімді ауыстыруды бұрыннан ойлап жүр едім. Менің осыған дейін тұтынып жүрген операторым тиімсіз еді. Шотымдағы бірліктерім жоғалып кететін. Қазір опереторымды ауыстырдым. Достарымның барлығында осы «Кселл» желісінде еді, енді мен де қосылдым.»
«Кселл» компаниясы — еліміздегі ұялы байланыс операторларының көшбасшысы. 10 млн тұтынушысы бар компанияның қызметін бүгінде біздің аймақта 1,5 миллион тұрғын пайдаланады. Оңтүстік ұялы байланыс пайдаланушылар рейтингін бастап тұрған белсенді үш өңірге кіреді.
Арти Отс, «Кселл» АҚ атқарушы директоры: «Біз тұтынушылардың мүддесін бірінші кезекке қоямыз. Жуырда тиімді тарифтік жоспарлар аштық. Біздің компания әмбебап. Біз тек ұялы байланыспен қамтып қана қоймаймыз, қызметтеріміздің ыңғайлы тиімді болуын көздейміз. Мәселен, бұдан былай біздің тұтынушылар шетелдерде жүрген таныстарына тиімді тариф арқылы хабарласа алады.»
Бүгінде әлемдегі әрбір екінші тұрғын түрлі заманауи байланыс құрылғысын пайдаланады екен. Тұтынушыларға, әрине, байланыс қызметінің сапасы маңызды. Сапалы байланыспен қамтып отырған «Кселл» компаниясы әлеуметтік өмірде де белсенді. Жуырда олар Жеңістің 70 жылдығын да кеңінен атап өтті. Онымен қоса 1 маусым балалар күнінде де ұмыт қалдырмады.