Шымкентте «Мобильдік үкімет» шеберлік сабағы өтті

394

IMG_5534

15 қазанда Шымкент қаласындағы «Отырар-TV» телеарнасының ғимаратында «Мобильдік үкімет» шеберлік сабағы өтті. «Кселл» компаниясының мобильдік сауаттылықты көтеруге арналған «Digital Life» атты ауқымды білім беру жобасының аясында өткізілген «Мобильдік үкімет» шеберлік сабағына Мардан Сапарбаев атындағы Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық институтының оқытушылары мен студенттері қатысты. Негізгі серіктес – «E-event» компаниясы.

IMG_5506
Карина Алипова, «Отырар-TV» телеарнасының қызметкері, спикер

Шеберлік сабағын «Отырар-TV» телеарнасының қызметкері, спикер Карина Алипова жүргізді. «Digital Life» атты ауқымды білім беру жобасының Шымкенттегі әріптесі – «Отырар-TV» телеарнасы.

IMG_5499

Алдымен тренингке қатысушыларға Қазақстанның электронды үкімет порталы таныстырылды. Портал қызметіне  шолу жасалғаннан кейін осы порталдың смартфондарға арналған Egov  мобильдік қосымшасымен жұмыс істеуді үйретті.

IMG_5504

Келушілердің дені электронды үкіметтің мобильдік қосымшасы бар екенін бұған дейін білмеген болып шықты. Сондықтан спикер оларға Egov мобильді қосымшасын пайдалана білудің егжей-тегжейін түсіндірді.

IMG_5505

Бірінші, iOS, Android операциялық жүйелеріне арналған Egov-ты смартфонға қалай орнату керегін, одан кейін электронды цифрлық қолтаңбаны алу мен оны Egov қосымшасында қолдануды көрсетті.

IMG_5510

IMG_5511

Осы қосымша арқылы мемлекеттік органға сұраныс жіберу мен жауап алу жолдарын тәптіштеп ұғындырғаннан кейін түрлі қызмет ақы төлемдерін, айыппұл мен қарыздарды төлеудің әдісін рет-ретімен тәжірибелік тұрғыдан көрсетіп берді.

IMG_5515
Өтеген Сейсебаев, халыққа қызмет көрсету орталығының инспекторы

IMG_5516

Шеберлік сабағына жергілікті халыққа қызмет көрсету орталығының инспекторы Өтеген Сейсебаев та қатысты. Осы саланың кәнігі маманы Өтеген Сейсебаев халыққа қызмет көрсету орталығына келіп, кезекке тұрып, уақыт өткізіп жүргеннен осы Egov мобильді қосымшасын смартфонға орнатып, бірқатар қызмет түрлеріне қалтафон арқылы қол жеткізудің артықшылықтарына тоқталды.

IMG_5519

Мардан Сапарбаев атындағы ОҚГИ оқытушылары мен студенттері тарапынан осы тренингті институтқа келіп, барлық студенттерге өткізсе деген тілек болды. Қатысушылардың айтуынша, көптеген адамдар мұндай қосымшаның бар екенінен хабарсыз. Аз-кем естігендері де бұл қосымшаны қалай пайдалану керегін білмейді екен.

Еске салсақ, Digital Life жобасын жүзеге асыруда «Кселл» компаниясының серіктесі болып «E-Event» компаниясы жұмыс жасайды. Жоба аясында жылдың соңына дейін «Мобильдік қауіпсіздік», «Мобильдік оқыту», «Мобильдік денсаулық», «Мобильдік бизнес», «Мобильдік үкімет» тақырыптарына арналған семинарлар өткізіліп жатыр.

Семинарлардың өткізілетін күні, уақыты мен орындары www.e-event.kz сайтында және «Кселл» компаниясының әлеуметтік желілердегі ресми беттерінде жарияланатын болады. Шеберлік сабақтарына және семинарларға қатысу тегін.

фото (с) Жәнібек НҰРЫШ