Ордабасы ауданының полицейлері мұнай ұрлаумен айналысқан екі азаматты ұстады. Олар — Қызылорда облысы мен Мақтаарал ауданының 55 және 27 жастағы тұрғындары. Әзірге күдіктілердің мұнай ұрлығы бойынша 5 фактіге қатысы бар екені белгілі болып отыр.
Күдіктілер магистральды мұнай құбырларының бір бөлігін кесіп, ұрланған сұйық отынды цистерналы автокөлікпен әкетіп жүрген. Осылайша оңай жолмен тапқан қомақты ақшаны қажетіне жаратуды жоспарлапты.
Қазір осы жәйтке қатысты қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілер қамауға алынып, тергеу амалдары жүргізілуде. Айта кетейік, ұсталған екеудің бұған дейін де екі рет осыған ұқсас ұрлық жасап, сотты болғаны анықталды.