Мүмкіндігі шектеулі кәсіпкерлерге көмек көрсетілді

Мүмкіндігі шектеулі кәсіпкерлерге өз кәсібін дөңгелету енді оңайға түспек. Бұл туралы «Даму «кәсіпкерлерге қолдау көрсету қорының аймақтық филиалында өткен шара барысында айтылды. «Даму-Көмек» бағдарлама аясында бес кәсіпкерге демеушілік көмек көрсетіліп, жаңа тігін машиналары табыс етілді.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=-nZLVwh_WpE[/youtube]

 

Енді бұл азаматтар үйінде отырып-ақ өз істерін іске асыра алады. Айта өтейік, жыл басынан бері «Даму» қорына 250-ге жуық мүмкіндігі шектеулі жан хабарласып, көмекке жүгінген. Оның 150-ден астамы демеушілірдің шапағатын көріп үлгеріпті. Республикалық бағдарламаға жұмыс жасауға қабілеті, жағдайы төмен жандар қатыса алады.