Мемлекеттік қызметкерлер төл мерекелерін атап өтті

921

23 маусым — мемлекеттік қызметшілер күніне орай облыстық мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің ұйымдастыруымен салтанатты жиналыс өтті. Мерекелік іс-шараға облыс басшысы А.Мырзахметов, барлық мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері, сала ардагерлері, зиялы қауым өкілдері, мәслихат депутаттары, «Нұр Отан» ХДП, «Мемлекеттік қызметшілер кәсіподағы» және бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері қатысты.

001 (4)

Салтанатты жиналыста департамент басшысы Ахметов Мұрат Жамбылұлы мемлекеттік қызметшілерді кәсіби мерекелерімен құттықтап, мемлекеттік қызметті дамытуда орасан зор үлес қосқан бірқатар азаматтарды құрмет грамоталары және төс белгілермен марапаттады.

001 (1)

Сондай-ақ, мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Қайрат Пернешұлы Қожамжаровтың арнайы құттықтау хатын Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі Асқар Исабекұлы Мырзахметовке табыстады.

001 (5)

Бұдан кейін Департамент басшысы М.Ахметов биыл мемлекеттік қызметкерлер арасындағы облыстық спартакиадада жеңіске жеткен мемлекеттік кірістер департаментінің басшылығына ауыспалы кубокті салтанатты түрде табыс етті.

001 (6)

Айта кету керек, қазіргі таңда облысымызда 567 мемлекеттік орган қызмет атқаруда. Оның ішінде жергілікті атқарушы органдар – 403, аумақтық мемлекеттік органдар – 147 және өкілді органдар – 17.

001 (7)

2015 жылғы І тоқсанның қорытындысы бойынша облысымызда мемлекеттік қызметшілердің саны 8229 адамды құрайды. Оның ішінде саяси мемлекеттік қызметшілер саны – 7, «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілері – 25.

001 (2)

Статистикаға сәйкес, елімізде мемлекеттік қызметшілер саны 98 мыңға жуық, яғни, халық санын бір мемлекеттік қызметшіге шаққанда 171 адамға келеді. Ал Оңтүстік Қазақстан облысында халық санының көптігіне байланысты бір мемлекеттік қызметші 360 адамға қызмет жасайды.