Пара алған департамент басшысына айыппұл кесілді

290
Шымкентте полиция капитаны пара үшін жазаланды

Облыстық білім сапасын бақылау департаментінің бұрынғы басшысына 50 млн теңгеден астам айыппұл салынды. Бұл туралы мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Шымкентте полиция капитаны пара үшін жазаландыШымкенттегі Әл Фараби аудандық сотының шешімімен айыпталушы жалпы көлемі 51,6 млн теңге айыппұл төлеуі тиіс. Экс-басшы қылмыстық кодекстің 366-бағы, яғни, пара алу ісі бойынша кінәлі деп табылды.

Бұдан басқа сот оның мүлкін тәркілеп, өмірінің соңына дейін мемлекеттік органдарға қызметке орналасу құқығынан айырды. Еске сала кетейік, департаменттің экс-жетекшісі 2015 жылдың ақпан айында өзінің кабинетінде осы ведомствоның бөлім бастығынан 860 мың теңге көлемінде пара алу үстінде ұсталған болатын. Бұл ақшаны қала мектептерінің біріндегі мұғалімдер жинап берген. Осы арқылы ол білім ұясының аттестациядан өтуіне артықшылық беруге сөз байласыпты.