Мемлекеттік бағдарламамен жөнделген үйлерден олқылықтар шықты

406

Шымкенттегі тұрғын үйлерді мемлекеттік жаңарту бағдарламасымен жөнделген көпқабатты үйлерде олқылықтар көп. Осыдан екі жыл бұрын жөнделген Тәуке хан даңғылындағы 61 үйдің шатырынан су өтіп жатыр.

Тұрғындар мердігер компанияның жұмысшылары үйдің хасбетін жөндеуде де кемшліктер жіберген дейді. Осынау сапасыз құрылысқа наразы халық енді төлем жасамаймыз деп отыр.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=Ja2b4oAvNOA[/youtube]

Сапасыз құрылыстың салдарынан сыланған қабырғалар үгітіліп жатыр. Наразы тұрғындар жұмыс тас-түйін тынбай, тиын да төлемейміз дейді.

Ал жұмысты қаржыландыру мекемесі «Күрделі құрылыс» ЖШС төлем жасамаған тұрғындарды сотқа беріп отыр. Айта кетейік, мұндағы 23 пәтер иесі 4,5 млн теңге төленуі тиіс. Әзірге ешбір тұрғын жаңарту жұмысының ақысын төлемеген. Қаржыландыру мекемесі қазір мердігер компанияға орын алған ақауларды ретке келтіру үшін ұсыныс беріп отыр.

Сапасыз құрфлыстан Шымкент қалалық тұрғын үй шаруашылығы инспекциясы бөлімінің мамандары да хабардар болып шықты. Қазір сала мамандары мердігер компаниядан ақауларды қалпына келтіруді талап етіп отыр.

Тұрғындар комиссияның бір ғана үй төрайымының келісімімен жұмысты қабылдап алғанын түсіне алмай дал. Ал келісім-шарт аясында келісілген соманы тұрғындар 10 жылдың ішінде төлеуі тиіс. Алайда халық сметалық құжатта көрсетілген жұмыстар толықтай әрі сапалы атқарылмайынша, есеп айырысуға асықпаймыз дейді.