ҰБТ-ның алғашқы күні қорытындыланды. Облыстық білім басқармасының берген мәліметіне сәйкес, үш оқушы 123 балл жинаған. «Алтын белгіден» үміткер 322 оқушының 171-і өз білімдерін дәлелдеген.
Олардың арасында 34 түлек бір мектептен шығып отыр. Бұл — Жетісай қаласындағы Б. Момышұлы атындағы мектеп-гимназия. Осы білім ошағының тағы 19 түлегі үздік аттестатқа ие болды. Айта өтейік, бұл мектепті биыл 74 бала бітіреді.
Ал 2 маусымдағы сынақтың қорытындысы бойынша екі оқушы ережені сақтамағаны үшін аудиториядан шығарылған. Бұлардың тестілеу парақшалары да жарамсыз деп танылды. Еске салайық, күні кеше өңірде 4710 оқушы өз бағын саныса, ал бүгін 2479 мектеп бітіруші ҰБТ тапсырады.