Оңтүстіктің ескекшілері 14 алтын медаль жеңіп алды

482
Жазғы спартакиаданың басты Кубогі оңтүстік құрамасына бұйырды

Төрт жылда бір рет өтетін республикалық спартакиаданың байдарка мен каноэде ескек есуден сынағы Атырауда өтті. Өйткені, спорттың бұл түрі Қазақстан бойынша бұрынғы Гурьевте пайда болған екен.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=Ex8-uaV1UgE[/youtube]

Ескек есудің өзі Жайық жағалауындағы қалада дами қоймаса да республикалық жарысты осында өткізу жоспарланыпты. Бұл жолы 9 команда жиналды. Олардың арасында Оңтүстіктің де спортшылары бар.

Атырауда жүзге тарта спортшы чемпион атағы үшін таласты

Бапкердің үміті ақталуы тиіс. Спортшылардың алдына осындай жоспар қойылды. Алғашқы екі күннің ішінде 9 алтын медаль жеңіп алған жерлестеріміз, алдағы үш күндік сынақта облыс қоржынын алтынмен толықтыруы қажет болатын. Бұл жоспарды шымкенттіктер орындай алды да.

Республикалық спартакиаданың үшінші күні шымкенттіктер жеті алтын медальды сарапқа салды. Облыс құрамасына оның үшеуін жеңіп алу бұйырыпты. София Емильянова жекелей сынақта бірінші болды. Софа бес күннің ішінде үш бірдей алтынға қол жеткізді. Әйелдер арасындағы каноеде ескек есуді Олимпиада тізіміне енгізсе, жерлесіміз ол шыңды да бағындыруды көздейді.

София Емильянова ұзын қашықтыққа жарыста негізгі қарсыласынан 1,30 минутқа алда келіп, бапкер үмітін ақтай алды
София Емильянова ұзаққа жарысуда негізгі қарсыласынан 1,30 минутқа ерте келді

София Емильянова: «Бұл жарысқа қойған жалғыз мақсатымыз — әр қашықтықта алтыннан алқа тағу. Оның үстіне Емильяновтардың атына кір келтіруге хақым жоқ. Сол үшін су үстіне шыққанда барынша ескек есуге тырысамын. Бұл жолғы спартакиада мен үшін сәтті өтті. Әсіресе ұзақ қашықтыққа жарыста алған алтын медалім — мен үшін қымбат жүлде.»

Спартакиада барысында 28 алтын медаль ойнатылды. Оның тең жартысы шымкенттіктердің қоржынында. Бұл жолғы сынақ өзгелерден ерекше болғанын бапкерлер де айтады.

Жазғы спартакиаданың басты Кубогі оңтүстік құрамасына бұйырды
Жазғы спартакиаданың басты Кубогі Оңтүстік құрамасына бұйырды

Денис Жарменов, ескек есуден ОҚО аға бапкері: «Күн тым ыстық болды. Алғашқы екі күнде 50 градусқа дейін жоғарылады. Кейбір спортшылардың басынан күн де өтті. Дегенмен, жарысты жалғастырып жатырмыз. Бастысы — жеңіске қол жеткізу. Команда алдына қойған жоспарды орындады.»

"Отырар" ТА түсіру тобы да Атырауда өткен Республикалық сынақтың куәсі болып қайтты
«Отырар» телеарнасының түсіру тобы да Атырауда өткен республикалық сынақтың куәсі болып қайтты

Бұл спартакиада қоржынға салынған медальдардың басым бөлігін Емильяновтар отбасы алды. Сергей мен Тимофей 23 жасқа дейінгі жастар арасындағы байрақты сында топты жарып, кейіннен Миланда өтетін әлем чемпионатында жолдама үшін таласпақ.

Ағайынды Емильяновтар қоржынға салынған алтын медальдардың басым бөлігін жеңіп алды

Сергей Емильянов, ҚР спартакиаданың үш дүркін жеңімпазы: «Басты мақсат — жастар арасындағы Әлем чемпионатында тәжірибе жинақтап, кейіннен Олимпиада ойындарына жолдама жеңіп алу. Әрине, оңай болмасы анық. Дегенмен, бапкер үмітін ақтаймыз деп сенемін.»

Нәтижесінде облыс қоржынында 14 алтын медаль бар. Ол дегеніміз — командалық есепте бірінші орында тұрмыз. Ендігі мақсат — Олимпиадаға жолдама жеңіп алу.

Басты мақсат - Олимпиада ойындарына жолдама жеңіп алу.