Облыстық оқушылар сарайында жазғы лагерь маусымы ашылды. «Балдәурен» сауықтыру алаңында үш ай бойы 600-ден аса бала 7 ауысым бойынша демалатын болады.
Мұнда келушілердің дені әлеуметтік жағдайы төмен отбасыдан шыққан және ата-ана қамқорынсыз қалғандар балалар. Жеткіншектер бұл жерде таңертеңнен кешке дейін жүре алады. Олар үш мезгіл тамақпен қамтылады.
Демалушылар сонымен қатар ән, би, қолөнер, сурет үйірмелеріне қатыса алады. Түрлі сайыстар мен байқаулар ұйымдастырылып, қаланың көрікті жерлеріне саяхат жасайды. Мультфильмдер тамашалайды.
Бастысы, жазғы демалыс ұмытылмастай өту үшін барынша жағдай жасалып отыр.
Ұлбала Әбитай, лагерде демалушы: «Демалыста үйде ішіміз пысады. Сол үшін лагерьге келдім. Мұнда көп достармен таныстым. Мұндағы күндерім қызықты өтеді деп ойлаймын».