Хоккейшілер биылғы маусымды қорытындылады

161

Жаз мезгілі жақындаған сайын қысқы спорт түрлері жүлделерін санай бастады. Биылғы жыл жемісті болды деп мақтанады жерлестеріміз.

Бұл жеткіншектер қала спортында өшпестей із қалдырып отыр. Олар ел тарихында алғаш рет хоккейден Қазақстан чемпионы атанған алғашқы шымкенттіктер. Осыған дейін жүлделі орыннан көрініп жүрген «Тұран» командасы биыл алтынға қол жеткізді.

Хоккейдің Шымкентте пайда болғанына он жылға жеткен жоқ. Мұз үстінде сырғанауды осында үйренген олар енді шетелге шығуды армандайды. Оның ауылы алыс екенін бапкерлер жақсы түсінеді. Дегенмен, армансыз спортта жеңістер де болмайды дейді жаттықтырушы.

Хоккейдегі жеңістер мұнымен шектелмейді. Қазақстан чемпионатында «Армадо» командасы да жүлделі болды. Алтын медальға бір қадам жетпей қалыпты.

Биылғы маусым аяқталды. Жаттығулар аяқталып, мұз айдыны жабылады. Ал келесі дода 2020 жылы басталады.

Сарбиназ Алдабергенова