Оңтүстік Қазақстан облысында ұлттық бірыңғай тестілеудің екі күнінде он оқушы 123 балл жинады. Бұл туралы обыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды.
Ұлттық бірыңғай тестілеудің екінші күнінде 2449 бітіруші тест тапсырып, облыстың орташа көрсеткіші 83,3 балды құрады. Осы күні «Алтын белгіден» үміткер 186 түлек сынаққа кіріп, олардың 61 пайызы өз білімдерін растады.
3 маусым күні оңтүстікқазақстандық 7 оқушы 123 балл жинаған. Екі күннің қорытындысы бойынша облыстың орта баллы 80,1 болып, 285 оқушы «Алтын белгісін» растады. Он оқушы 123 балл жинады.
Биыл облыста 30982 мектеп бітірушінің 18592-сі ұлттық бірыңғай тест тапсыруға өтініш берді. Оның ішінде өңірдегі 96 түлек — халықаралық олимпиада мен ғылыми жобалар жарысының жеңімпаздары ҰБТ тапсырудан босатылған. Олар жоғары оқу орындарына түсуге арналған грант иегері саналады.