Түркістан облысында мектеп түлектерінің кортежі жол ережесін бұзғаны үшін жауапқа тартылды

фото ТО ПД

Полицейлер тарапынан жүргізілген түсіндіру шаралары мен ескертпелерге қарамастан, бірқатар түлектер кортеж ұйымдастырғаны белгілі болды.

▫️Мәселен Түлкібас ауданында Шымкент қаласы түлектерінің көліктердің терезелерінен шығып жүргені үшін тоқтатылса, дәл осындай дерек Ордабасы, Қазығұрт аудандарында да орын алды.
Кортеждегі «TOYOTA CAMRY»,«TOYOTA LAND CRUISER» және «TOYOTA CAMRY» т.б. маркалы қымбат автокөліктердің барлығына дерлік әкімшілік шаралар көрілді. Ал оқушылар мен ата-аналарға түсіндірме жұмыстары жүргізілді.