«Сана-сезім» орталығы: «Адам саудасына тосқауыл болмай тұр»

894

Дүниежүзінде адам саудасына тосқауыл болмай тұр. Адамдарды құлдыққа салуға заңды түрде шек қойылып, түрлі конвенциялар қабылданса да бұл проблема өзектілігін жоғалтпай келеді.

004

Осы мәселеге қозғау салған «Сана-сезім» әйелдер бастамалық-құқықтық орталығы арнайы семинар-тренинг өткізді. Басқосуға Оңтүстік Қазаќстан, Жамбыл және Қызылорда облыстарының еңбек инспекторлары мен полиция қызметкерлері, сондай-ақ, психологтар қатысты.

Шара барысында ұйымдастырушылар адам саудасы жайында толыққанды ақпар беріп, онымен күресу жолдарын талқылады. Ортақ пікірлер айтылды. Екі күнге жоспарланған тренингте құзырлы орган қызметкерлері адам саудасына қатысты болып жатқан қылмыстар жайлы пікір алмасып, өзара тәжірибелерімен бөлісті.