Қаланың барлық жерінен су сынамалары алынады

Біз күнделікті тұтынатын тіршілік көзі қаншалықты талапқа сай? Шымкенттіктердің көбі неліктен қосымша сүзгі пайдаланады? Тұтынушылар арасында осы сияқты сан алуан сауалдар артқан соң мамандар тиянақты тексеру жұмыстарын жүргізуге кірісті. Жердің 70 метр тереңдігінен алынған тіршілік нәрінің құрамын зертханада зерделеп көрді.

Ауыз 70-90 метр тереңдіктен сорылады
Ауыз 70-90 метр тереңдіктен алынады

Шымкент шаһарын тіршілік нәрімен Ақбай-Қарасу су қабылдағышы қамтамасыз етеді. Қажеттілік — тәулігіне 200 мың текше метр. Су германиялық автоматтандырылған құрылғылармен залалсыздандырылады.

Тұрғынбек Назимов, «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС слесарь-хлорлаушысы: «Мұнда жердің астынан тартылып өтіп жатқан суға бізде таблеткаланған тұзды натри-гипохларид автоматты түрде қажеттілігі қосылып отырады.»

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=gbwwgpJ0Gjs[/youtube]

Бұлақ басынан келетін суды мамандар күнделікті химиялық және бактериалық тексеруден өткізеді. Құрамында адам ағзасына қажетті дәрумендері бар тіршілік нәрі санитарлық талаптарға сай деген қорытынды берді мамандар.

Алтынай Бекқожаев, «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС зертхана маманы: «Күнделікті Шымкент қаласы бойынша су үйлестіргіш жүйелерінен су сынамалары алынып, химиялық және бактериалогиялық бөлім бойынша тексеріледі. Алынған сынамалардың нәтижесі барлық талаптарға сай.»

 

Қаланың барлық жерінен су сынамалары алынады
Қаланың барлық жерінен су сынамалары алынады

Мамандар күнделікті тәптіштеп тексеріп отырса да шымкенттіктердің көбі арнайы тазартқыш фильтрді пайдаланып жүргені белгілі. Құбыр суы мен қосымша сүзгіден алынған тіршілік нәрінің айырмашылығын халықтың өзінен білуге тырыстық.

Айгүл Мақсатқызы: «Шымкенттің суының сапасы өте жақсы.»

Мадина Ибрагиова: «Менің үйімнен ағып отырған ауызсудың сапасы мен дәмі өте жақсы. Маған ұнайды. Қазақстанда ең тәтті су — Шымкенттікі.»

Сонымен, республика көлемінде ең таза тіршілік нәрі осы Шымкенттен шығады деп қорытындылады мамандар.