Халықаралық дәрігерлер Шымкентке жиналды

202

Шымкентте бауырдағы қатерлі ісікті емдеудің жолдары бойынша Европа, Азия мен Қазақстанның алдыңғы қатарлы медицина мамандары және ғалымдары өзара тәжірибе алмасты.

Елімізде жыл сайын 900 жуық адам бауыр ісігі ауруына шалдығады екен. Солардың 100-ге жуығы біздің Оңтүстік өңірінің үлесінде. Мамандар ең бастысы аса қаупті дерттің алдын алуға аса көңіл бөлу керек дейді. Ал австриялық және монғол мамандары миниинвазивті технологиялар мен науқастарды емдейтін станционарлар, амбулаторлы медициналық көмек көрсету орындарын дамыту қажет деп санайды.