Жаңа оқу жылына дайындық басталды

358

Шымкенттегі білім ошақтарында жаңа оқу жылына дайындық маусымы басталып кетті. Шаһарда 6 мектеп пен 7 балабақшаны күрделі жөндеу жұмыстары қолға алынды.

007

Бұл үшін республикалық бюджеттен 286 млн теңге, облыстық қазынадан бір млрдтан астам қаржы қаралса, жергілікті бюджеттен 500 млн теңге қаражат берілген. Бұдан бөлек 50 млн теңгеге 113 білім мекемесі әктеліп, сырланады. Бір қызығы, осыншалықты ауқымды шаруа небәрі үш мердігерге тапсырылған. Мұны білген ата-аналар жаңа оқу жылына үлгермей қалады деп дабыл қағуға дайын отыр.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=4RESEJ0tQzw[/youtube]

1960 жылы салынған білім ошағының асханасы мен спорт залы қайта салынады. Алғашқы ғарышкер Юрий Гагариннің есімін алған білім ошағында 1400 оқушы бар. Бұл нысанға ең жақын орналасқаны — Еламан ауылындағы № 127 мектеп. Алайда бүкіл шәкіртті онда тасымалдау мүмкін емес. Сол себепті білім бөлімінің басшылары мердігер мекемеге ескі ғимараттың корпусын бірінші кезекте жөндеуден өткізу талабын қойып отыр.

008

Бұдан бөлек қалалық мәслихаттың депутаттары №38 мектептің күрделі жөндеу жұмысына бағытталған қаржы не себепті №25 мектепке жұмсалынады деген сауалды жиі көтеріп келеді. Естеріңізде болса, 2014 жылы №38 мектепті күрделі жөндеуден өткізу үшін 260 млн тенге қаралған. Ал биылға қалған 128 млн теңгені игеру керек. Алайда білім бөліміндегілер ол қаражатты өзге мектепке жұмсапты.

Пазылхан Асауов, қалалық білім бөлімінің сектор меңгерушісі: «№38 мектеп екі кезеңде күрделі жөндеуден өткізілді, үшінші кезеңін келесі жылға қалдырдық. ал №25 мектепке ол қаржы өте қажет, басталған құрылысты аяқтау керек.»

Жалпы биылғы жаңа оқу жылында Шымкент шаһары бойынша 5 жаңа мектеп пен 6 балабақша пайдалануға берілмек.

Нұрлан Жаңабай