Сенбі күні орын алған жол апатының салдарынан зардап шеккен жолаушылардың жағдайы әлі ауыр. Жедел медициналық жәрдем көрсету ауруханасының дәрігерлері осылай деп отыр.

008

30 мамыр күні кешкі сағат 19:30 шамасында Ғани Іляев көшесі мен Бауыржан Момышұлы даңғылының қиылысында Мерседес пен БМВ көліктері соқтығысып қалды. Соның салдарынан БМВ көлігі бағыттан шығып, жаяу жүргіншілер жолындағы жолаушыларды қағып өткен еді.

Сол күні жол апатынан зардап шеккендердің саны жетеуге жетеді. Барлығы да дереу ауруханаға жеткізіледі. Көбісін БМВ көлігі қағып кеткен.

009

Қазір ауруханаға түскендердің үшеуі әлі жан сақтау бөлімінде. Олардың жағдайын дәрігерлер қатаң қадағалауға алған. Ал БМВ көлігінің жолаушысы оқиға болған жерде тіл тартпай кетті.

Сол күні оқиға болған жерге келген түсіру тобына тәртіп сақшылары кедергі жасады. Бұл әрекетін олар басшыларының бұйрығы деп түсіндірді.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=Zh9pFO85LoY[/youtube]

Жол апаты бойынша қазір тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ал апаттың болуына кінәлі деген күдікпен 25 жастағы БМВ автокөлігінің жүргізушісі қамауға алынды. Қайғылы жағдай жан-жақты тексерілу үстінде.

Ернар Балабеков