Жаз басталғалы бері Шымкенттегі бірқатар көшелер жөнделе бастады. Жыл басынан бері Еңбекші ауданы бойынша 14 көшені асфальттау жұмыстары аяқталған. Енді жоспарда 17 көшені тегістеу тұр.
Ал аудан бойынша 500-ден астам көше болса, бүгінге соның жартысына жуығы асфальттанып біткен. 37 пайызына шағал тас төселсе, 13 пайызынан астамында тұрғындар әлі де топырақ жолмен жүруге мәжбүр.
[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=H9UD4OY_iqI[/youtube]
Аталған аудан әкімдігінің мамандары алдағы уақытта 35 көшені жөндеу үшін жобалау-сметалық құжаттарын дайындап, қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміне тапсырды. Бүгін аудан әкімдігі басшылары жаңадан салынған 25 шақырымдық көшедегі құрылыстың сапасымен танысты.