Шымкент қаласының әкімі күрделі жөндеуден өтіп жатқан мектептерді аралады. Сала басшыларымен бірлесіп, білім нысандарындағы құрылыс жұмыстарын қадағалады. Кейбір олқылықтарды көзі шалған қала басшысы жауаптыларға мектептердің дайындығын қолға алу үшін бірқатар тапсармалар жүктеді.
Қала әкіміне ілескен сала басшылары алдымен облыс орталығындағы №21 мектептегі құрылыс жұмыстарымен танысты. Жоспар бойынша бұл ғимараттың шатыры жаңалануы тиіс. Және есік-терезелері түгелдей ауыстырылады. Сынып бөлемелеріндегі едендер де қопаралып тастапты. Асхана да жөндеуді қажет етеді. Су ағар жүйелері де жаңартылуы тиіс.
№44 мектепте де құрылыс қызып жатыр. Жұмысты кестеге сай тапсыру үшін мердігер компанияның 150-ге жуық жұмысшысы күндіз-түні тынбайды.
Мұнда жаңа спорт залы, балалар алаңшасы және футбол алаңы болады. Мердігерлер қыркүйекке дейін тірлікті тас-түйін тындырамыз деп отыр. Ал салаға жауаптылар мектептердің жаңа оқу жылына дайындығын бақылап отыруға уәде етті.
[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=UdytMQskd2E[/youtube]
Қала әкімі күрделі жөндеу жүріп жатқан 6 мектепті аралап шықты. Және мұндай қадағалау шараларын апта сайын жүргізіп отыратынына сендірді. Барлық мердігерлерге жұмысты кестеге сай жүргізуді, сала басшыларына мектептердің қыркүйекке дейін оқушыларды қабылдауға сақадай сай болуын қадағалауды тапсырды.