20 күннің ішінде мыңға жуық құқық бұзушылық тіркелді

389

2015 жылдың 7 шілдесінен бастап Шымкентте «Таза қала» акциясы басталып, бүгінгі күнге дейін ішкі істер органдарының қызметкерлері 991 ұсақ құқықбұзушылықты анықтады. Бұл таралы «Оңтүстік» ақпарат орталығында өткен брифингте ОҚО ІІД әкімшілік полиция басқармасының бастығы Нұрғали Исахов мәлімдеді.

003

Бір айға созылатын акцияға 317 полиция қызметкері жұмылдырылып, қаладағы көп қабатты тұрғын үй аулалары мен 17 көпшілік демалыс орындарында тазалық пен тыныштықты сақтау, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету жұмыстарымен айналысуда. Жалпы, облыс бойынша үстіміздегі жылдың алты айында 128430 әкімшілік құқық бұзушылық дерегі анықталып, 1 млрд 113 млн теңге көлемінде айыппұл салынған.

Осы кезең ішінде есірткі затын пайдалану дерегі бойынша 608 факт, тыныштықты бұзу деррегі бойынша 394 дәйек анықталған. Ретсіз сауда қатарларын жою бағытында 3639 әкімшілік құқық бұзушылық хаттамасы толтырылып, айыппұл салынған. Өңір бойынша қоғамдық орындарда жалпы 379 бейнебақылау камералары орнатылған.

Оның ішінде 234 құрылғы Шымкенттегі демалыс орындары мен орталық көшелеріне қойылған. Ал қозғалысы қарқынды 11 көше қиылыстары интеллектуалды бейнебақылау камераларымен жабдықталған. Осы құрылғылардың көмегімен тазалық пен тыныштықты сақтау, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету жұмыстары тәулік бойы жүргізілуде.

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі