Түркістандық полицейлер браконьерлерді қолға түсірді. Тәртіп сақшылары қала түбіндегі Үшкекіл өзенінің жағасында екі ер кісіні ұстады. Олардың бірі — 43 жастағы Шымкент тұрғыны, ал екіншісі 65 жастағы Алматы тұрғыны, сондағы спорт мектептерінің бірінің оқытушысы болып шыққан. Бұл туралы облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі хабарлайды.
Сұрау салу барысында алматылық қонақтың Оңтүстікке өз шәкірттерімен оқу-жаттығу өткізу үшін келгені анықталды. Осы сәтті пайдаланған ол аң аулауға да шыққан екен.
Ұсталғандардың көлігінен бөлініп тасталған 1 жабайы қабан мен 4 арқардың денесі табылды. Бұл аңдар Қазақстанның Қызыл кітабына тіркелген. Бұған қоса күдіктілерден 5 аңшы мылтығы, рациялар, GPS-бағыттағыштар мен дүрбі, мылтықтың дүрбісі, бірнеше пышақ және 130 оқ тәркіленіп алынған.
Қазіргі таңда осы факті бойынша заңсыз аң аулауға қатысты қылмысты қіс қозғалды. Күдіктілер қамауға алынып, тергеу жалғасуда.