Алты айда 400 қызметкер жұмыс орнынан айрылған

363

Облыста жыл басынан бері 400-ге жуық қызметкер жұмыс орнынан айрылған. Бұл туралы облыстық үш жақты әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі комиссияның отырысында мәлім болды. Сондай-ақ облыстағы кәсіпорында 900-ге жуық адам мәжбүрлі демалысқа жіберіліпті.

7777777777777777777 Сонымен, өңірде жұмыссыздық белең алу қаупі бар. Қазірдің өзінде облыста 12 кәсіпорында еңбек жағдайы тұрақсыз. Ал 9 кәсіпорында 240 адам жұмыс орнымен қоштасуы мүмкін. Қырыққа жуық адам толық емес жұмыс режиміне көшкен. Комиссия мүшелері бұл мәселені қырқартуға қатысты мәліметті дер кезінде анықтап отыру арқылы шешуге болады дейді. Бұл шара азаматтардың жұмыссыз қалу қаупін алдын алуға көмектеседі.

Айта кетейік, жыл басынан бері облыстық еңбек инспекциясына 1200 арыз түскен. Бұл — өткен жылмен салыстырғанда 2 есеге артық. Арыз-талаптардың 1/3 бөлігі төленбеген жалақыға қатысты.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=6REwX-Z9_5k[/youtube]

Мемлекеттік еңбек инспекторлары облыстағы кәсіпорындардың жұмысшылар алдында 188 млн теңге жалақы қарызы барын анықтап отыр. Алайда, мамандар қазірге дейін оның 182 млн теңгесі төленді деп сендіреді. Салаға жауаптылар өңірдегі жұмысшыларынан берешегі бар мекемелердің атын атап, түсін түстеп берді.

Алқалы жиында жұмыссыздықпен күрестің бірнеше жолы ұсынылды. Комиссия төрағасы салаға жауаптыларға меморандум басымдықтарының орындалуын бақылап, үйлестіру жұмысын жолға қою қажеттігін ескертті.