Биыл үшінші мегаполистің 392 тұрғыны жұмыспен қамтылмақ

77

Үкімет отырысында жұмыссыздық жыры талқыланды. Ресми мәлімет бойынша өткен жылы 239 мың қазақстандық жол картасы бойынша жұмыспен қамтылған. Биыл аталмыш бағдарлама аясында тағы 19 мың жұмыс орны құрылмақ. Ол үшін 300 млрд. теңге бөлініп отыр.

Серік ШАПКЕНОВ, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі: «Халықтың өмір сүру сапасын арттыру. Екінші шағын және орта бизнес үшін қаржыландырудың қолжетімділігін арттыру. Үшінші бұл агроөнеркәсіптік кешенді арттыру. Төртінші өңірлерде бизнесті дамытуға бағытталатын болады. Осы іс-шараларды жүзеге асыруға 300 млрд. теңге қаражат қаралды».

Халықты жұмыспен қамту Шымкентте де қарқынды түрде жүзеге асырылуда екен. Қала әкімі Мұрат Әйтеновтің мәліметінше, бір ғана мемлекеттік бағдарлама арқылы былтыр 694 азамат жұмыспен қамтылған. Ал, биыл үшінші мегаполистің 392 тұрғыны жол картасымен екі қолға бір күрек таппақ.

Мұрат ӘЙТЕНОВ, Шымкент қаласының әкімі: «2020 жылы Шымкент қаласы бойынша жұмыспен қамту жол картасы шеңберінде 44,7 млрд. теңге бөлініп, 239 жоба іске асырылды. Ол бағдарлама өңірді дамыту үшін үлкен серпін тигізді. Айта кетсек, 8753 жұмыс орны ашылды».

Қала әкімі биыл 6500 тұрғынның таза сумен қамтылып, 17 мың азаматтың электр жарығына қол жеткізетінін жеткізді. Және салықтан түсетін қаржыны 45 млн. теңгеге жеткіземіз деп отыр.

Назерке Үкібасова