Биыл Шымкент қаласында 23 әлеуметтік нысан пайдалануға беріледі. Оның екеуі — спорт мектептері, жетеуі — балабақша, қалған он төрті — мектеп. Егер жоспар толығымен іске асса, Шымкент қаласында үш ауысымда білім беру мәселесінде түбегейлі шешілер еді.
Балабақша кезегінде тұрған 3 мыңдай бүлдіршін бөбекжайларға барады. Осы әлеуметтік нысандардың құрылысын қала басшылары арнайы барып көрді. Мердігер компания жұмысшыларына кестеден кешікпеуді тапсырды. Әр нысанға әкімдік тарапынан жауапты қызметкерлер бекітілді.