Газ қымбаттады

378

Оңтүстікте газ қымбаттады. «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Оңтүстік Қазақстан өндірістік филиалы көгілдір отын құнының қымбаттайтынын жария етті.

2015 жылдың 1 шілдесінен бастап газ құбырлары арқылы тауарлық газды тасымалдау бойынша тарифті ескере отырып халық үшін және тұтынушылар үшін жылу энергиясын өндіретін заңды тұлғалар үшін көгілдір отынның мың текше метрінің бағасы – 27 467 теңге 88 тиынды, ал заңды тұлғалар және олар үшін жылу энергиясын өндіретін тұлғалар үшін 31 236 теңге 53 тиынды құрайды.