Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың 1998 жылғы 6 мамырдағы жарлығымен Ақмола қаласының атауы Астана болып өзгертілген. Бұрын 10 маусымда аталып өтілетін Астана күні 2008 жылдан бері Нұрсұлтан Назарбаевтың туған күніне – шілденің 6-сына ауыстырылып, Қазақстанда мемлекеттік мереке болып жарияланған.
Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың 1998 жылғы 6 мамырдағы жарлығымен Ақмола қаласының атауы Астана болып өзгертілген. Бұрын 10 маусымда аталып өтілетін Астана күні 2008 жылдан бері Нұрсұлтан Назарбаевтың туған күніне – шілденің 6-сына ауыстырылып, Қазақстанда мемлекеттік мереке болып жарияланған.
Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың 1998 жылғы 6 мамырдағы жарлығымен Ақмола қаласының атауы Астана болып өзгертілген. Бұрын 10 маусымда аталып өтілетін Астана күні 2008 жылдан бері Нұрсұлтан Назарбаевтың туған күніне – шілденің 6-сына ауыстырылып, Қазақстанда мемлекеттік мереке болып жарияланған.

«Билік – ең алдымен зор жауапкершілік. Лауазым жоғарылаған сайын жауапкершілік арта түседі. Президент ретінде менде және басқа да президенттердің жұмыссыз уақыт жоқ. Демалыс күндері, еңбек демалысы уақытында да күні-түні лауазымыңды атқарасың», – деді Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Россия 24» телеарнасының «Формула власти» бағдарламасына берген сұхбатында. Мемлекет басшысы телерана жүргізушісінің өзінің 75 жылдық мерейтойын қандай көңіл-күймен қарсы аласыз, деген сауалына да жауап берді. «Егер бірауыз сөзбен айтар болса, жақсы көңіл-күймен қарсы аламын. Аллаға шүкір, біздің елімізде тыныштық. Менің өмірлік жоспарыма енбеген кезектен тыс Президент сайлауы да осы жылы өтті. Нәтижесі де барлығы үшін таңқаларлық болды. Әрине, бұл да көңіл-күйді көтереді. Кез келген саясаткер мені дұрыс түсінеді деп ойлаймын», – деді Президент.

Мемлекет басшысы сондай-ақ өз ата-анасының өмір бойы еңбексүйгіштікке, адалдыққа үйреткенін атап өтіп, отбасының соғыстан кейінгі қиын кезеңде өмір сүргенін есіне алды.

«Үнемі жұмыс істейтін әкемнің мен ұйықтап жатқанда кетіп, мен ұйықтап қалғаннан кейін келетіндігі есімде. Ең біріншіден, бұл мені еңбексүйгіштікке баулыды. Ал анам зор махаббат сыйлады», – деді Елбасы. Сонымен қатар, мемлекет басшысы ата-анасынан алған күш-қуат өн-бойында әлі күнге дейін сақталғанын атап өтті. Тынымсыздық, бірінші болуға ұмтылу, көшбасшы табысын ешкімге бермеу сияқты қасиеттерді де жас-тайынан бойына сіңіріп өскенін есіне алды. Мемлекет басшысы Ресейлік тілшілерге Астананың туған күні мен өзінің туған күнінің қатар келуін символикалық сәйкестік деп атады.

Жемқорлықтың жазасы – ешкімге де аяушылық болмайды

Жуырда «Хабар» және «КТК» телеарналарында көрсетілген «Назарбаев ең өзекті мәселелер туралы» атты жаңа деректі фильмде Елбасы көпшілік біле бермейтін сырларымен бөлісті. Президент әңгіме ауаны жемқорлық жайына қарай ойысқанда, Талғат Ермегияевтың ұсталуы өзі үшін ауыр жағдай болғанын ашып айтты. Өзінің үш немересінің жемқорлыққа бой алдырған әкелерін қатаң жазаға тартқанын жұртшылықтың естен шығармауы қажеттігін атап өтті.

«Ли Куан Ю өзінің досын түрмеге отырғызғанын айтқан еді. Ал жұрт менің мұнда үш немеремнің әкесін түрмеге отырғызғанымды неге естен шығарады? Олар аналарымен бірге маған көз жастарын төгіп келмеді деп ойлай ма екен? Келді. Мені қайғырмады деп ойлайсыздар ма? Әрине, қайғырдым. Бірақ, оның қылмысы анық екендігіне көз жеткізгеннен кейін мен де тоқтай алмадым. Туған-туыс та жиналды. Олардың барлығы да: «Мұның бәрі өзіңнің қолыңда тұр ғой, сен үшін не тұрады, жаба салсайшы», – дегенді айтты.

Егер естеріңізде болса, екі жап-жас жігіт, банк басшысының орынбасарлары өлтірілді. Мұны қалай кешіруге болады? Одан қаншама кәсіпкерлер зардап шекті. Мен өз туған-туыстарыма, достарыма, балаларыма бұл ретте аяушылық болмайтындығын ескерттім. Мұны телеарна арқылы бүкіл елге айттым. Қазір де тағы қайталап айтамын. Министрлерді, министрлердің орынбасарларын түрмеге отырғыздық. Мен басқалар жайында айтып отырған жоқпын. Яғни, қазіргі уақытта ымырасыз күрес жүргізілуде және мұның барлығы бекер деп ойламаңыздар. Адам әр уақытта өз қателіктерін мойындамайды. Сондықтан, бұл біздің барлық шенеуніктерді айықтыруы тиіс және олар бұл ретте ешқандай қамқоршының болмайтындығын түсінуі қажет. Мемлекет қаржысына қол сұғуға болмайды», – деді Президент.

«Әрбір адамда туған кезден бойына берілетін қуаты болады. Бойында сол қуаты тұрған кезде ол адам өмір сүріп, тірлігін жасайды. Ал қуатың таусылған шақта сенің де өмірдегі сапарың аяқталады, – деді, Нұрсұлтан Назарбаев сөзінің қорытындысында. – Мен бойыма берілген сол қуат өзімді ұдайы алға сүйреп келе жатыр деп ойлаймын. Осы қуат менің мойныма уақыт пен тағдыр артқан орасан зор жүкті көтеріп жүруіме жол ашты. Мен қазір біздің жасап жатқан, біздің буын жасаған іргелі істер халқымның жадында мәңгі қалатын шығар деп ойлаймын. Ал сен жұмыс істеп жүргенде, саған сын айтылуы – заңды нәрсе. Бірақ, мен шынымды айтсам, жұрттың бәрін 100 пайыз бақытты етемін деп айта алмаймын. Мұны бірде-бір ел жасай алмайды. Әлемдегі ең бай ел деген АҚШ-тың өзінде халықтың 14 пайызы кедейліктің қамытын киіп отыр. Ал Еуропа елдерінде одан да көп. Біз де олардан бөлек емеспіз. Әлбетте, мұндай жағдайда тұрғандардың риза болмасы анық. Демек, наразылар барлық уақытта да табылады», – деді Елбасы. Нұрсұлтан Назарбаев сөзінің түйінінде: «Жер жүзінде талай нәрселер болып жатыр. Маған енді тек біздің халықтың, барша қазақстандықтардың менің басшылығым арқылы осы кезге дейін жасалған істердің жемісін тере отырып, елімізді бұдан да күшті және көркем ете түсу жолында алдағы уақытта да ақылды, жұмысқа қабілетті және еңбекқор бола беруін тілеу ғана қалды», – деп атап өтті.

Лаура Сапарбекова

«Оңтүстік Рабат», №27, 08.07.2015