Пара алған да, берген де, делдал болған да қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Бұл туралы «2015-2025 жылға арналған сыбайлас жемқорлықпен күрес» стратегиясында айтылған. Ал оны орындау, жемқорлықты болдырмау — әрбір азаматтың, оның ішінде мемлекеттік қызметкердің басты міндеті. Заңды сақтамағандар қызметтен өмір бойына шеттетіледі.
Облыстық еңбек инспекциясының мамандары қоғам дертінің алдын алу жолдарын үйренді. Насихаттық топты мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыстағы департамент қызметкерлері бастап келіп, түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Бұл — аталмыш департаменттің биылғы 182-кездесуі екен. Басқосуда арнайы сауалнама толтырылып, заңды білмеу адамды жауапкершіліктен құтқармайтыны айтылды.
Айта өтейік, Қазақстан пара беру бойынша әлемде 176-орында тұр. Ал еліміз бойынша сыбайлас жемқорлықтың көшін Оңтүстік Қазақстан облысы бастап келеді.