Оңтүстікте жалақы мөлшері аз. Мұның негізгі себебі жалдамалы жұмысшылар қатарының көбеюінен.
Бұл туралы еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің департаментінің басшысы Бейбіт Сыздықов мәлімдеді. Анықталғандай, жекеменшік компаниялар жұмысшылардың зейнетақы қорына қаржыны аударғанда салғырттық танытады. Соның салдарынан еңбеккерлердің басым бөлігінің зейнетақы көлемі аз дейді департамент басшысы.
Жекеменшік компаниялардың теріс қылықтарын еңбек инспекторы да растап отыр. Арнайы тексеру барысында жұмысшылардың құқығын таптаған екі шетелдік компания анықталған. Серіктестік басшылығы еңбеккерлердің зейнетақысын аудармақ түгілі жалақаны тиісіті уақытында бермеген. Заңсыз әрекетке барған қос мекемеге 192 млн теңге көлемінде айұппұл салыныпты.