Шардаралық банкке қатысты шулы іс процессі бүгін жалғасын тапты. Облыстық апелляциялық сотта Талғат Оңғарбаевтың төрағалығымен қаралып жатқан іс барысында қорғаушы Ахметова есімді азаматша талап-тілек білдірді.
Онысы қанағаттандырусыз қалдырылады дегенді естіп, Ахметова төрағалық етуші судьяға сенімсіздік танытатынын мәлімдеді. Сөйтіп судьяны ауыстыруын сұранды.
Соттың ауыстырылуы аппеляциялық соттың судьясы Рахманбаевқа жүктелді. Заң негізінде ол іске қатысушылардыѕ пікірін тыңдап шықты. Ал прокурор қорғаушы Ахметованың талабы негізсіз деп, өзінің қуаттамайтынын білдірді.
Ернар Балабеков