Шаянға табиғи газ жететін күн алыс емес

425

Шаян ауылының тұрғындарының табиғи газға қол жеткізетін күні алыс емес. Ал Отырар ауданындағы баспанаға мұқтаж жандардың мәселесі шешілетін болды.

Облыстық мәслихаттың кезектен тыс 39-сессиясында депутаттар өзіндік кірістерден түскен 3 млрд 23 млн теңгені салаларға бөліп, осы жәйттерді жеткізді.

015

Осы қаржыдан 100 млн теңге Бәйдібек ауданының орталығы Шаян ауылына газ құбырын тартуға бөлінді. 925 млн теңге білім саласына, оның ішінде, оқулықтарды сатып алуға және ұстаздардың біліктілігін арттыруға жұмсалмақ.

Ал 11 млн теңге Түлкібас ауданындағы Жаңа талап жаңа мектебінің құрылысына бағытталды. Сонымен қатар денсаулық сақтау нысандарын салу және жаңарту бағдарламасы бойынша шығындар 211 млн 516 мың теңгеге ұлғайтылды. Шешімін таппаған мәселелер халық қалаулыларының бақылауында болады.

Өңірдегі тұрғындарды баспанамен қамту мәселесі де кезеңімен шешілуде. Отырар ауданында салынып жатқан үй аумағына инфроқұрылым тартуға қаржы қарастырылды.

Отырар ауданында көпқабатты үйлерді салуға қарсылық білдірген депутаттар оның орнына шаруашылық жүргізуге ыңғайластырылған бір қабатты коттедждер салу қажеттілігін де алға тартты.

Сессияның барысында Қазақстан конституциясының 20 жылдығына орай ұйымдастырылған «Игі істер жалғасады» акциясына қолдау көрсету жөнінде Азаматтық альянс қоғамдық бірлестігі төрағасы атынан ұсыныс жасалды.

Шынар Оразова