Шымкентте «Риголетто» операсының премьерасы ұсынылды

415

Шымкенттік көрермендердің назарына «Риголетто» операсының премьерасы ұсынылды. Күрделі қойылым бұл жолы замануи үлгіде жұртшылыққа жол тартты. Облыстық опера және балет театрында қойылған шығарманы тамашалауға келген көпшіліктің де қарасы қалың. Белгілі композитор Джузеппе Вердидің осы танымал шығармаларының бірінде басты кейіпкер Риголеттаның өмір жолы көрініс тапқан.

8238

Риголеттаның рөлін сомдау өзбекстандық театр әртісі Рустам Гафаровқа бұйырған. Өнер иесі Шымкенттің сахнасына алғаш рет көтерілді. Бұған қарамай, басты кейіпкер күнгейлік әріптестерімен жұмыс жасау қиынға соққан жоқ деп отыр.

Рустам Гафаров, «Риголетто» операсының басты кейіпкері: «Мойындау керек, қойылымның құрылымы расында күрделі, қиын. Маған алғашында қоңырау шалып, жауапты жүкті табыстағанда қобалжыдым, театр — жас ұжым, әртістері де жас. Бірақ оларды алғаш көргенде көздеріне қарап-ақ үлкен сенімді, жанарындағы жалынды көрдім. Олардың өнерге деген махаббатты байқалады. Тіпті, күн-түн демей, тәулік бойы қызмет етуге бар екенін білдірді. Дайындығымыз жақсы болғандықтан, рөл де сәтті шықты деп айта аламын».

8237

Опера 3 бірдей драмалық жағдайға көрініс тапты. Сахна төрінен Риголеттаның сезімге тұншыққан күйі, психологиялық ауыр жағдай қайғыға душар болған әкенің кейпі көрінді. Көрермен қауым перзенті Джильданың тағдырына алаңдап, шарқ ұрған әкенің образына куә болды.

Қойылымда, әсіресе, көріністердің әуеніне және декарацияларына үлкен көңіл бөлінген. Сахнаның безендірілуіне режиссерлар мен декоратор мамандар 1 айдан астам уақытын сарп етіпті. Ал Риголетта операсының бас музыкалық жетекшісі мен бас дирижерлігін қарақалпақстанның халық әртісі Аида Абдуллаева атқарды.

Шытырманға толы қойылымды шебер сомдау үшін үш бірдей елдің — Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстанның мәдениет қайраткерлері мен сахна саңлақтары тер төккен. Ал шымкенттік және шетелдік опера шумақтарын жинақтап, байланыстыру қырғызстандық тәжірибелі режиссер Нұрлан Асанбековке жүктеліпті.

Премьералық қойылымды тамашалаған көрермендердің ерекше серпіліп қалғанын байқадық. «Риголеттаның» замауи үлгісін көру үшін шетел асып келгендер да бар.

Шығармашылық ұжым «Риголетто» операсының тұсаукесеріне 1 ай бойы дайындалған. Дәл осы шығармамен облыстық опера және балет театры 7-маусымын қорытындылады.