Севильдік шаштараз шақырады

732

Ағымдағы жылдың 20-21 желтоқсанында Облыстық опера және балет театрында Дж.Россинидің 2 актілі «Севильдік шаштараз» операсының премьерасы өтеді. Операның либреттосын француздық драматург Пьер Бомаршенің комедиясының негізінде 1773 жылы Чезаро Стребини жазған. «Севильдік шаштараз» операсының оқиғасы XVIII ғасырдағы Севильяда өрбиді.

«Севильдік шаштараз» – бұл дәстүрлі италиялық операға тән кейіпкерлер тапқырлығымен, шебер вокалдық партиялар және тың сюжеттік айналымдармен баурап алатын жарқын комедиялық опера. Опералық шығарма қызықты оқиғаларға, шытырман эмоцияларға бай. Ал музыкалық сүйемелдеуі әсемдікке, балғындыққа әрі қарқынды жалындылыққа толы. Бұл махаббат сезімін, белсеңділік пен тапқырлықты алға тартатын әуезді шығарма. Операның әлеуметтік мәні терең, себебі бұл қойылым жалған әрекет, бейбастық, екіжүзділік қасиеттерін әжуалайды.

Опералық қойылымның бас кейіпкері Альмавива граф Бартолоның қанатының астында тұратын Розинаға ғашық болады. Граф жас қыздың таза, риясыз махаббатын жаулап алу үшін қарапайым адамша киініп, өзінің дворяндық биік лауазымын жасырады. Графтың мұнысынан пайда жоқ, себебі Бартоло қызға үйленіп, оның мүлігіне ие болу үшін қызды қамауда ұстайды. Сонда граф Фигароны кездестіреді. Фигаро әдебиет саласында белгілі тұлға болғандықтан, ветеринарлық жұмысынан айырылып қалған. Ал шығармашылық ортасындағы жоғары бәсекелестікке бола Фигаро шаштараз болып ел кезуіне тура келді. Оның ақылдылығы мен тапқырлығының арқасында граф Альмавива Розинаға үйленеді.

Қойылымның көркемдік жетекшісі – театр директоры, Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері Әбдіхан Нұрмаханбетов; қоюшы-режиссер – Қырғызстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі Искендер Сартбаев; қоюшы-дирижер – Қуаныш Исмаилов; қоюшы – суретші – Бахыт Күзембаев, костюмдер бойынша суретші – Сабира Дәулеталиева.

Бастыр рөлдерде: граф Альмавива – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жан Тапин (Астана), Фигаро – Халықаралық байқаулардың лауреаты – Марат Оразметов, Бартоло – Халықаралық байқаулардың лауреаты Алексей Скибин, Розина – Халықаралық байқаулардың лауреаты Айгүл Азатова, Маргарита Кин, Базилио – Айбек Қанатбек, Берта – Халықаралық байқаулардың лауреаты Гаухар Ахетова, Қарлыға Бердияр және хор, балет тобының әртістері