Түлкібаста ҮИИД аясында екі жоба іске асырылуда. Ал жаңа индустрияландырудың екінші бесжылдығында ауданда жалпы құны 31 млрд 366 млн теңгелік 6 жоба іске асады. Бұл туралы «Оңтүстік» ақпарат орталығында өткен брифингте аудан әкімі Қ. Әбдуәлиев хабарлады.
Бұл жобалар — жеміс-жидек концентраттарын және табиғи сусындар шығару, көкөніс консервілеу базасы, жылына тірі салмақта 30 мың тонна құс етін өндіретін құс фабрикасы, қуаттылығы 10 мың тонна тауық етін өндіретін өндіріс кешені, мал бордақылау алаңы мен мал сою және ет өңдеу, маусымына 36 млн дана күйдірілген кірпіш өндіру жобалары. Нәтижесінде мыңнан астам адам тұрақты жұмыспен қамтылмақ. Ал екі мың адам маусымдық жұмысқа тартылады.
Сонымен қатар индустриялды карта ресторына 2015 жылдың күзгі өзектендіруіне жалпы құны 2 млрд 620 млн теңгелік үш жоба ұсыну жоспарлануда. Бүгінде индустриалдық аймақ құру мақсатында Абайыл елдімекені жанынан 30 га жер бөлініп, құны 554 млн теңге инфрақұрылым жұмыстары жүргізілді.
ОҚО әкімінің баспасөз қызметі