Төле би ауданында ардагерлер саябағы пайдалануға берілді. Аудандық бюджетің қаржысына салынған саябақ бір ай көлемінде тапсырылып отыр. Мұнда өңірдегі ардагерлер есімі қашалған ескерткіштер еңсе көтерген.
[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=oC3XD7kNbnU[/youtube]
Заманауи талапқа сай салынған саябақ жасыл желекпен көмкеріліген. Мұнда субұрқақтар орнатылып, келушілердің демалуына барлық жағдай жасалыпты. Айта кетейік, бұл саябақ — Бейнеткеш елдімекеніндегі көпшілік демалатын жалғыз ғана орын. Тұрғындар аптап ыстықта бір мезгіл осында келіп, жанға сая табады.